Черногория жанкүйерлері «Қайрат» футболшыларының ұйқысын бұзды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: ЖИ арқылы жасалды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы бүгін Черногорияда «Сутьеска» командасымен кездеседі. Маңызды ойында алдында жергілікті жанкүйерлер қазақстандық команда орналасқан қонақүй маңында шу шығарып, футболшылардың тыныштығын бұзды. Түн ортасында ұйымдастырылған бұл әрекет команданың толыққанды демалуына кедергі келтіруді көздеген сияқты.

Түн ортасындағы отшашу

Бұл оқиға туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз хатшысы Арман Жақсығұлов өзінің жеке Instagram парақшасында хабарлады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасының сторисіне түн ортасында, нақтырақ айтсақ, түнгі 01:38-де түсірілген сурет пен видеоны жүктеген. Кадрда қонақүйдің терезесінен сырттағы тас қараңғы түн мен атылып жатқан отшашулардың көрінісі бейнеленген.

Баспасөз хатшысы бұл жағдайды қысқа әрі нұсқа сипаттап өткен:

«Қарсыластың жанкүйерлері ұйқы бермейді» – деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де «Қайрат» сырт алаңда «Сутьеска» командасымен ойнайды. Алғашқы ойын Алматада өтіп, «Қайрат» 2-1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз