«Сутьеска» – «Қайрат»: Чемпиондар лигасы қарымта ойынының тікелей трансляциясы

Бүгін, 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта ойынын өткізеді. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Черногорияның Никшич қаласында жергілікті «Сутьеска» ұжымымен кездеседі.
Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» соңғы минуттарда жеңісті жұлып алып, жанкүйерлерін қуантқан еді. Ендігі мақсат – осы басымдықты сақтап, келесі кезеңге жолдама алу.
Ойынды қайдан көруге болады?
Маңызды матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 00:00-де (15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні) басталады.
Qazsport пен Qazaqstan арналары тура осы уақытта Әлем чемпионатындағы Англия – Аргентина ойынын көрсетеді. Сондықтан «Сутьеска» мен «Қайрат» арасындағы кездесудің тікелей көрсетілімі Freedom Кино мен ТВ платформасында ғана қолжетімді.
Алматыда өткен алғашқы кездесу тартысты өткен еді. «Қайрат» ойыншылары соңғы секундқа дейін аянып қалмай, төреші қосқан қосымша уақытта шешуші голды соғып, 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Бұл текетірестің жеңімпазы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубымен күш сынасады. Ал жеңілген ұжым Конференция лигасына ауысып, сонда бақ сынайтын болады.
Оқи отырыңыз: Черногория жанкүйерлері «Қайрат» футболшыларына ұйқы бермеді