Жамбыл облысында баласы буллинг жасағаны үшін анасы жауапқа тартылды

Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты буллинг жасаған мектеп оқушысының анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Жамбыл соттары ақпаратына қарағанда, 2026 жылдың мамыр айында Мойынқұм ауданындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы 8-сыныптың бірнеше оқушысына зәбір көрсетіп, ақша талап еткен.
Осыған байланысты полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабының 3-бөлігі («12 мен 16 жас аралығындағы кәмелетке толмағанның буллинг жасауы») бойынша хаттаманы оқушының анасына қатысты толтырған.
Сотта әйел хаттамада көрсетілген мән-жайларды мойындап, мұндай жағдайдың қайталануына жол бермейтінін айтты. Прокурор оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұраған.
Сот жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтамады. Нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК немесе 43 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Айта кететін жайт, Қазақстанда мектептегі буллинг пен ересектердің оған тосқауыл қоя алмайтыны алғаш рет әдістемелік деңгейде зерттелді.