Доллар қайтадан 4 теңгеге қымбаттады
Жарияланды

USD/KZT бағамы қайта өсті. Сәрсенбі күнгі KASE саудасында доллар бағамы сейсенбімен салыстырғанда 3,99 теңгеге (+0,85%) қымбаттап, 472,7 теңгеге жетті. Осылайша теңге бір күн ішінде АҚШ валютасына қатысты әлсіреді. Доллардың ресми бағамы KASE-дегі орташа өлшенген бағам негізінде қалыптасады.
Валюта нарығы
USD/KZT бағамы
АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы
Соңғы дерек
472,70
₸
15 шілде 2026, 17:30
+3,99 ₸
+0,85%
USD/KZT
2024 жылы үкімет пен Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандырып, ұлттық валютаға қолдау көрсету үшін шетелге шикізат сататын ірі компанияларға доллармен алған табысының 50 пайызын KASE-де сатуды міндеттеген.
Өткен аптада Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов енді компаниялар осы талаптан босатылатынын хабарлады. Өйткені кейінгі 8 айда теңге өзінің тұрақты валюта екенін дәлелдеген