БҚО-да жүк көлігі аударылып, 20 тонна шабдалыны тегін таратылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

Батыс Қазақстан облысында, Самара-Шымкент трассасында 20 тонна шабдалы тиелген жүк көлігі апатқа ұшырады. Кейінірек көлік жүргізушісі бүлінген шабдалыларды тұрғындарға тегін таратып берді деп хабарлайды AstanaTV.

Апат орнына ауыл тұрғындары келді. Олар бір сағат ішінде 20 тонна шабдалыны бөліп әкеткен. Бірақ тегін өнімге таласып, өзара жанжалдасып қалған.

«Жол бойында ескі қорғандар, бейіттер бар. Жиі апат болып тұрады. Апатқа ұшыраған көлік жүргізушісі өзі шашылған өнімдерді таратып беруді ұсынды. Соны шуламай, жанжалдаспай жинап алуға болар еді. Бірақ оның орнына адамдар бір-бірін итеріп, шабдалыға таласып кетті», – дейді куәгерлердің бірі Равхат Халелов.

Дегенмен көпшілігі жүргізушіге жанашырлық танытып, жолдың бұл бөлігін өте қауіпті деп есептейтінін айтады. Жергілікті тұрғындар жауапты мекемелерден осы трассадағы қауіпсіздікті күшейту үшін қосымша шаралар қабылдауды сұрап отыр.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда жарты жыл ішінде жол апатынан 800-ден аса адам қаза тапты

Сондай-ақ оқыңыз