Жарты миллионнан астам азаматтың 22 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
рақымшылыққа іліккен азаматтардың айыппұлы кешірілді
Миллиардтаған теңгенің айыппұлы кешірілді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ішкі істер органдары шамамен 590 мың азаматтың жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдарын есептен шығарды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Шешім рақымшылық туралы заң аясында қабылданып отыр. Президент осындай құжатқа 1 шілдеде қол қойған. Амнистия туралы заң жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты жүзеге асқан.

Заңға сәйкес, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Соның аясында азаматтар заңда көрсетілген баптар бойынша әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды.

Полиция дерегінше, ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылды. Олардың үстінен қозғалған 1,3 миллионнан астам әкімшілік өндіріс тоқтады. Жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз