Дубайға рейстер 21 шілдеден бастап тоқтатылады
Жарияланды

Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады.
Компанияның хабарлауынша, бұған Ормұз бұғазындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауы түрткі болып отыр.
«21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады. Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынылады», – делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, Air Astana біраз үзілістен соң 15 шілдеде қайтадан Дубайға рейс орындай бастаған болатын. Десе де, соңғы кездері АҚШ пен Иран алма-кезек шабуылдарды күшейтті.