Қапырық енді келеді – Синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады

«Қазгидромет» синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында таяудағы үш күнде – 17, 18 және 19 шілдеде ауа райы қандай болатынын жария етті.
Астана
17 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан соғады, жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19 градус, күндіз +32…+34 градус.
18 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз қатты ыстық +33…+35 градус болады.
19 шілдеде көшпелі бұлт, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23 градус, күндіз қатты ыстық +34…+36 градус болады.
Алматы
17 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25 градус, күндіз өте қатты ыстық +40…+42 градус.
18 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +24…+26 градус, күндіз өте қатты ыстық +40…+42 градус.
19 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +24…+26 градус, күндіз өте қатты ыстық +40…+42 градус болады.
Шымкент
17 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25 градус, күндіз өте қатты ыстық +45…+47 градус.
18 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +25…+27 градус, күндіз өте қатты ыстық +46…+48 градус.
19 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +25…+27 градус, күндіз өте қатты ыстық +46…+48 градус болады.