Көшедегі оғаш биі үшін астаналық бойжеткен айыппұл арқалады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Көшедегі оғаш биі үшін астаналық бойжеткен айыппұл арқалады / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Астанада 23 жастағы бойжеткен әлеуметтік желілерге оғаш контент түсіргеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол вирусқа айналатын видео түсіру үшін жол белгісімен би билеген.

Тәртіп бұзушылықты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтаған. Жарияланған кадрлардан бойжеткеннің жаяу жүргіншілер өткелі белгісіне шығып, оны айнала билеп жатқанын көруге болады.

Полицияның мәліметінше, ол өз әрекетімен қалалық инфрақұрылым нысанын зақымдап жаздаған және қоғамдық нормаларды елемейтінін көрсеткен.

«Тәртіп бұзушының тұлғасы жедел анықталды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен бойжеткенге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – деп хабарлады Астана қалалық полиция.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда сахнада дипломын жыртқан колледж студентіне айыппұл салынып, бес тәулікке қамалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз