Теміртауда жылыжай салып, қарасора өсірген 19 жастағы жігіт әшкереленді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Теміртау маңында полицейлер үй жағдайында ұйымдастырылған есірткі плантациясын жойды.

Polisia.kz хабарлауынша, Қарағанды облысында полицейлер заңсыз есірткі өсірумен айналысқан кезекті жылыжайдың қызметін тоқтатты. Теміртау қаласына жақын орналасқан елдімекендердің бірінде көкөніс өсіруге арналған жылыжайдың есірткі құрамды өсімдіктерді баптайтын орынға айналғаны анықталды.

Ол жерден 125 түп өсімдік табылды. Күдікті ретінде 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Тінту кезінде шаруашылық құрылыстарының бірінен кептірілген есірткі заттары мен тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленді. Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айта кететін жайт, Жамбыл облысында биыл 71 тонна қарасора өртелді.

Сондай-ақ оқыңыз