Салық жеңілдігіңіз күйіп кетпесін: үкімет бекіткен жаңа ереже туралы не білу керек

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
В Казахстане сдача налоговых деклараций может исчезнуть полностью
Пайдаланылмаған салық шегерімін қосымша табысқа қолдануға болады/ Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда жеке тұлғалар үшін базалық салық шегерімін қолданудың бірыңғай тәртібі бекітілді. Салық кодексіне сәйкес, бұл жеңілдіктің мөлшері айына 30 АЕК (129 750 тең) құрайды, ал күнтізбелік жылға арналған жалпы шегі 360 АЕК-тен (1 557 000 теңге) аспауға тиіс.

Үкімет бекіткен жаңа тәсіл бойынша, егер қызметкердің айлық табысы 30 АЕК-тен аз болса, жұмыс беруші шегерімді тек іс жүзінде есептелген жалақы көлемінде ғана қолданады.

Шегерімнің пайдаланылмай қалған қалдығы келесі айларға ауыстырылмайды, яғни жұмыс орнында күйіп кетеді. Бухгалтерия 30 АЕК көлеміндегі шегерімді тек ағымдағы күнтізбелік айда есепке алады.

Дегенмен, жұмыс орнында пайдаланылмаған салық шегерімінің сомасын азаматтар жоғалтпайды. Жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын қосымша кіріс (мүлік және салық агентінен алынбаған басқа да табыс) алса, онда жылдық декларация тапсырған кезде сол пайдаланылмаған қалдықтарды өз бетінше есепке алуға құқылы.

Бұл ретте басты шарт – жыл бойына жасалатын қайта есептеулердің жалпы сомасы бекітілген 360 АЕК жылдық шегінен аспауы қажет.

Жеке тұлға салық шегерімінің бірнеше түрін қолдануға құқығы бар. 2025 жылдан бастап азаматтар медицина, білім және ипотека бойынша шегерімді пайдаланып жүр. Ол үшін жеке тұлға салық агентіне жүгініп, жылына 882 АЕК (3,6 млн теңге) көлемінде шегерім белгілеуге өтініш беру керек. Енді, 2026 жылдан бастап, жеңілдік алғысы келетін азаматтар 15 қыркүйекке дейін 270 формасымен декларация өткізуге тиіс. Оған салықтан шегерім жасау керектігін растайтын құжат қоса тіркелуі керек.

Осындай декларация тапсырылмаған жағдайда, осындай жеңілдік пайдаланған азаматтан жеке табыс салығы бойынша төленбеген сома талап етіледі.

Сондай-ақ оқыңыз