Үкімет Астанаға көбірек инвестиция салып жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Үкімет Астанаға инвестиция салуда / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Мемлекеттік инвестиция дегенде барлық өңірге ақша бірдей бөлінеді деп ойлау оңай. Бірақ 2026 жылдың алғашқы алты айындағы дерекке қарасақ, республикалық бюджет қаржысының басым бөлігі бір ғана қалаға бағытталған.

Көш басында – Астана. Елордаға республикалық бюджет есебінен 230 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл Алматы қаласына бөлінген қаражаттан он есе көп. Алматыға осы кезеңде 22,4 млрд теңге бағытталды.

Облыстардың арасында ең көп қаржы Қызылорда облысына түскен – 16,6 млрд теңге. Одан кейін Ақтөбе облысы тұр. Бұл өңірге республикалық бюджеттен 11,9 млрд теңге инвестиция салынды.

Алматы облысына 11,4 млрд теңге, Павлодар облысына 10,6 млрд теңге, Маңғыстау облысына 9,7 млрд теңге, Абай облысына 9,5 млрд теңге бағытталған.

Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінген қаражат шамалас: тиісінше 8,1 млрд және 8,2 млрд теңге. Шымкентке республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысына 6,7 млрд теңге салынған.

Қостанай мен Ақмола облыстарындағы көрсеткіш те бір-біріне жақын. Қостанайға 5,5 млрд теңге, Ақмолаға 5,4 млрд теңге бағытталды. Атырау облысына республикалық бюджеттен 5,2 млрд теңге түскен.

Түркістан мен Ұлытау облыстарының әрқайсысына 4,5 млрд теңгеден бөлінді. Шығыс Қазақстан облысына 3,1 млрд теңге, Жамбыл облысына 2,4 млрд теңге салынған.

Ең аз республикалық инвестиция Жетісу облысына бағытталған – небәрі 1 млрд теңге.

Бұл сандар өңірдегі инвестицияның жалпы көлемін көрсетпейді. Мұнда тек республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есепке алынған. Мысалы, мұнайлы немесе өндірістік өңірлерде жеке компаниялардың инвестициясы өте көп болуы мүмкін, бірақ орталық бюджеттен бөлінетін қаржы салыстырмалы түрде аз көрінеді.

Ал жалпы өңірлердегі жалы инвестицияны мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз