Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағандарға кэшбэк түсе ме – ҰБ жауабы

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда кэшбэк түсе ме
фото: Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда кэшбэк түсе ме? \ фото: Серикжан Ковланбаев

Бірыңғай QR-код жүйесі арқылы сауда жасағандарға кэшбэк беріле ме? Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов брифинг барысында жауап берді.

Айтуынша, бонус есептеу бойынша әр банктің өз стратегиясы бар, ал Ұлттық банк бұл үдерісті реттемейді.

«Кейбір банктер белгілі бір шығын санаттарына жоғарырақ кешбэк белгілесе, басқалары барлық операцияларға стандартты бонус береді, енді бірі транзакция түрлеріне қарай бөледі. Әр банк өз стратегиясын өзі таңдайды. Әртүрлі қаржы ұйымдарында кешбэк пен ниеттестік бағдарламалары әртүрлі болады. Біздегі мәлімет бойынша, қазірдің өзінде кем дегенде үш банк бірыңғай QR арқылы төлеген кезде арнайы ниеттестік бағдарламаларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр», – деді Жәленов брифингте.

Өзге банктер де бонустар есептеу бағдарламасына кейінірек қосыла алады. Техникалық тұрғыдан алғанда, банктердің бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда әртүрлі кешбэк беруге толық мүмкіндігі бар.

Елде 19 шілдеден бастап барлық банк үшін бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады. Енді пайдаланушылар қай банктің мобильді қосымшасын қолданса да, бір ғана QR-код арқылы төлем жасай алады. 

Сондай-ақ оқыңыз