Елде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
азық-түлік дүкен көкөніс қияр помидор
Қияр мен қызанақ бағасы арзандады/фото: shutterstock

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік бағасы арзандады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2026 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша, бір аптада қияр бағасы 4,6% төмендеді. Қызанақ пен сәбіз (3,2%), жұмыртқа (-0,4%), ұн (-0,3%), тауық еті (-0,2%) бағасы арзандаған.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңге болды. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелген, келісі – 357 теңге.

Тазартылған күріштің орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 534 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге.

Өңірлерге келсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы бір апта ішінде Ақтауда (-0,7%), Қонаевта (-0,3%), Жезқазған мен Петропавлда (-0,2%), Тараз, Қарағанды және Түркістанда  -0,1%) төмендеді. 

Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде қалып отыр.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов кейбір өңірлерде қант бағасының қымбаттауына пікір білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз