Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот 21 шілдеде басталады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Сот 21 шілдеде басталады/фото: Серікбай отбасы архиві

Шымкентте қайтыс болған Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот 21 шілдеде басталады. Бұл туралы жәбірленуші отбасының адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.

«Іс бойынша алдын ала тыңдау сот отырысы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2026 жылдың 21 шілдесі сағат 10:00-де өтеді», – деп хабарлады адвокат.

Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокат Аянхан Омаров пен Ахметов Мұхаммеджан қорғайды.

Бұған дейін жәбірленуші тарап істің тікелей эфирде өткізілуін талап ететінін мәлімдеді.

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Олар:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру».
Сондай-ақ оқыңыз