Павлодардан 200 шақырым жерде жер сілкінді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
сейсмограф жер сілкінісі сілкінді
Павлодардан 200 шақырым жерде жер сілкінді / фото: shutterstock

Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын аймақта магнитудасы 4,9 балл жер сілкінісі болды.

Ұлттық ядролық орталығы мәліметінше, жерасты дүмпуі 18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да тіркелген.

«Жер сілкінісінің ошағы екі елдің шекаралас аймағында, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек 18 шілде таңертең сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Қытай аумағында тіркелген жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 10:47-де болған.

Екі жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені, сондай-ақ зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз