«Әділ сөзге» жаңа президент сайланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: facebook.com
Фото: facebook.com

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жаңа президенті сайланды. Ол – журналист Назира Дәрімбет.

Жаңа президент сенім білдірген қордың құрылтайшылары мен Қамқоршылық кеңес мүшелеріне алғыс айтып, бұл сенімді ақтауға бар күшін салуға уәде берді.

«Қордың осы жылдар ішінде қалыптастырған үздік дәстүрлерін жалғастырып, оның қызметін қазіргі заман талаптарына сай жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл ретте қордың негізін қалаушы әрі алғашқы басшысы Тамара Калеева қалыптастырған қағидаттар мен құндылықтар берік негіз болып қала береді дегім келеді», – деп жазды Назира Дәрімбет әлеуметтік желідегі парақшасына.

Оның пікірінше, Қазақстан журналистері кибершабуыл, аккаунттар бұғатталуы, онлайн-қудалау сияқты жаңа цифрлық қауіп-қатерлермен де бетпе-бет келіп отыр.

Мұның алдында Қарлығаш Жаманқұлова «Әділ сөз» қоры президенті қызметінен кеткенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз