«Самұрық-Қазына» қоры миллионер Артықбаевтан «Қазақтелеком» акцияларын сатып алған

Қазақстан миноритар акционерлерінің қауымдастығы (QAMS) сарапшыларының есептеуінше, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Қазақтелеком» компаниясындағы үлесін 91,27%-ға дейін арттырды. Қор 10,43 пайыз акцияны миллионер Нұрлан Артықбаевтан сатып алған.
KASE дерегіне сәйкес, акциялар пакетін Артықбаевқа тиесілі «Telecom Systems Ltd» жеке компаниясы сатқан.
2024 жылдың соңында Нұрлан Артықбаев «Telecom Systems Ltd» компаниясы арқылы Вячеслав Кимнің құрылымдарынан «Қазақтелекомның» 8,7% акциясын сатып алып, ұлттық оператордың капиталына кірді.
Ал 2025 жыллы Артықбаевтың құрылымы ашық нарықта өз үлесін жоспарлы түрде ұлғайтып, акция көлемін 9,84%-ға дейін жеткізді.
«Самұрық-Қазына» қоры биыл сәуірге «Telecom Systems Ltd» меншігіндегі үлесті толығымен иеленді. Мұнымен қатар мемлекеттік қор басқа миноритарлық акционерлерден қосымша 0,59% акция алған.
Осы қадамдардың нәтижесінде әл-ауқат қорының «Қазақтелеком» жай акцияларындағы үлесі 80,85%-дан 91,28%-ға дейін өсті. Жалпы 10,43% акция сатып алынды.
Бизнесмен Нұрлан Артықбаев – байлығы 508 миллион долларды құрайтын, ең дәулетті бизнесмендер рейтингінде 21-орында тұрған кәсіпкер. Ол «Qazaq Stroy» және «Exclusive Qurylys» құрылыс компанияларында мажоритарлық үлеске ие.
2025 жылдың соңында ол «Қазақмыс Корпорациясының» жалғыз иесі атанды. 2026 жылдың сәуірінде Вячеслав Кимнен «KC Holding Ltd» 100% бақылау пакетін сатып алып, осы компания арқылы қазір «Kcell» акцияларының 14,87%-ын иеленіп отыр.