Өскеменде жасөспірім тізгіндеген көлік аударылып, өртеніп кетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шығыс Қазақстан облысы орталығы Өскемен қаласында жол апатынан екі кәмелетке толмаған жолаушы көз жұмды.

Yk-news ақпаратына қарағанда, көлікті басқарған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, қайғылы оқиға 17 шілде күні болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлікті басқарған жүргізуші кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты. Ол рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі кедергіге соғылған. Соққыдан кейін автокөлік аударылып, өртеніп кеткен.

Жол апаты салдарынан көліктегі екі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі – «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ал таяуда Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз