Хуситтер Сауд Арабиясына теңізден блокада қойғандарын жария етті

Йеменнің «Ансар Аллах» (хуситтер) қозғалысы Сауд Арабиясына теңіз блокадасын енгізгенін жариялады. Тиісті мәлімдемені 19 шілде, дүйсенбі күні қозғалыстың қарулы күштерінің ресми өкілі Яхья Сари таратты.
Оның айтуынша, бұл шешім дереу күшіне енеді және Сауд Арабиясы тарапынан Йеменге қарсы жалғасып жатқан теңіз, әуе және экономикалық блокадаға жауап ретінде қабылданған.
«Йеменнің Қарулы Күштері «жанға жан» қағидасы негізінде саударабиялық қарсыласқа қарсы теңіз эмбаргосының енгізілгенін жариялайды. Шешім осы мәлімдеме жарияланған сәттен бастап дереу күшіне енеді», – делінген үндеуде.
Мәлімдемеде қозғалыстың «блокадаға блокадамен, ал кез келген эскалацияға – эскалациямен» жауап беруге ниетті екені атап өтілген.
Хуситтердің мәлімдемесіне Сауд Арабиясы тарапынан әзірге ресми реакция болған жоқ. Сарапшылардың болжамынша, Баб-эль-Мандеб бұғазының жабылу ықтималдығы сауд мұнайының Азия елдеріне жеткізілуін тоқтатып, әлемдік мұнай ұсынысын шамамен 7%-ға қысқартуы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін 21 шілдеден бастап Қазақстаннан Дубайға рейстер ұшуы тоқталытанын жазған едік.