2030 жылғы Әлем чемпионатына 64 құрама қатысуы мүмкін

Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) президенті Алехандро Домингес 2030 жылғы Әлем чемпионатына 64 ұлттық құрама қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Келесі турнир біздің үйімізде өтеді. 2030 жылы Әлем чемпионаты Уругвай, Аргентина және Парагвайда басталады. Бұл футбол үшін және Әлем кубогының жүзжылдық мерейтойын 64 команданың қатысуымен атап өтудің керемет мүмкіндігі», — деп жазды Домингес өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін, ФИФА басшысы Джанни Инфантино да әлем чемпионатындағы командалар санын 64-ке дейін көбейтуді ұсынған еді.
Тарихта тұңғыш рет: алты елдегі Әлем чемпионаты
2030 жылғы мундиаль футбол тарихында алғаш рет бірден алты мемлекеттің аумағында ұйымдастырылады.
Әлем біріншілігінің 100 жылдық мерейтойына орай бастапқы матчтарды Оңтүстік Американың үш елі: Уругвай, Аргентина, Парагвай қабылдайды.
Ал турнирдің негізгі бөлігі Испания, Португалия және Марокко стадиондарында өтеді.
Еске сала кетейік, күні кеше ғана 2026 жылғы Әлем чемпионаты аяқталып, Испания құрамасы чемпион атанды.