Қазақстанда жарты жылда 57 жалған банкнота мен монета анықталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock

Қазақстанда жалған монеталар көбейді. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында елімізде жалпы сомасы 259 400 теңгені құрайтын 49 жалған банкнота және 8 жалған монета анықталған.

«Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,4%-ға аз. Былтыр осы уақытта 96 жалған ақша белгісі анықталған болатын», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында ең көп қолдан жасалған ақша – 2000 теңгелік банкноталар. Банктер 22 жалған банкнота анықтаған, бұл барлық жалған ақшалардың 38,6%-ын құрайды.

Одан кейінгі орындарда:

  • 10 000 теңгелік банкноталар – 16 дана (28,1%);
  • 5000 теңгелік банкноталар – 11 дана (19,3%);
  • монеталар – 14%.

Сонымен қатар өткен жылы жалған монеталардың үлесі анықталған барлық жалған ақша белгілерінің небәрі 1,4%-ын құраған. Ал 2025 жылдың ішінде бар болғаны үш жалған монета анықталған.

Айта кетейік, Ұлттық банктің мәліметінше, өткен жылы елімізде 203 жалған банкнота мен 3 монета анықталған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе жоғары. Ең көп қолдан жасалғаны – 5000 теңгелік банкноталар (174 дана).

Сондай-ақ оқыңыз