Шарында сүзіскен екі қарақұйрық экологтар назарына ілікті (видео)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Шарын шатқалында сүзіскен екі қарақұйрық
Қарақұйрықтар айқасы видеокамераға түсіп қалды / фото: «Қазақ орманы» видеосынан скриншот, ЖИ көмегімен өңделген

Шарын шатқалын мекендейтін қос қарақұйрықтың сүзіскен сәті табиғат жанашырлары орнатқан бейнекамераға түсіп қалды. Қызыл кітапқа енген жануарлардың видеосын «Қазақ орманы» мекемесіндегі экологтар жариялады.

Қазақстанда сирек кездесетін жануар – қарақұйрық (Gazella subgutturosa) Шарын ұлттық табиғи парк аумағында орнатылған фототұзаққа түсіп қалды. 10 шілдеде түсірілген видеодан қарақұйрықтардың камера алдында сүзісіп жатқанын көруге болады.

Қарақұйрық – шөл және шөлейтті аймақтарды мекендейді. Экологтар оларды өте сақ әрі жүйрік жануар деп біледі.

Табиғат жанашырлары ұлттық парк аумағына фототұзақ құрылғыларын орнату арқылы жануарлар әлеміне тұрақты түрде мониторинг жасап отырады. Зерттеу олардың таралуын, саны және тіршілік ерекшеліктерін бақылау үшін қажет.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағайға қасынған қоңыр аюдың бейқам тіршілігі экологтарды сүйсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз