Елдің батысында +44 градус ыстық болады
Жарияланды

Республиканың батысында алдағы үш күнде аптап ыстық болады. Синоптиктер болжамына сәйкес, батыс өңірлерде ауа температурасы күндіз 34-39 градусқа жетеді. Ал кей ауданда 40-44 градус ыстық болады.
Сондай-ақ 23-25 шілде аралығында елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерде нөсер болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Жаңбыр жауған өңірлерде ауа температурасы да төмендейді.
Айта кетейік, 16 шілдеден бастап республика аумағында аптап ыстық болды. 21 шілдеде ыстықтың беті қайтып, кей өңірде жаңбыр жауды.