Ақтөбеде бұзылған автобуста 90 шетелдік құтқарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Ақтөбеде бұзылған автобуста 90 шетелдік құтқарылды / Фото: shutterstock

ТЖМ Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы автожолда құтқарушылар «Шымкент – Пермь» автобусының 90 жолаушысын, оның ішінде 46 баланы эвакуациялағанын хабарлады.

Жолаушылар арасында Тәжікстан Республикасының, Өзбекстанның және Ресей Федерациясының азаматтары болды.

Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Автобус жолаушылары кемпингке эвакуацияланды, онда олар қауіпсіз жағдайға орналастырылып, әрі қарай жол жүруді күту уақытында барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілді.

Ақпаратқа сүйенсек, көлік құралының техникалық ақауына байланысты тоқтап қалған.

Айта кетейік, осыған дейін жамбылдық полицейлер жолда қалып қойған өзбекстандық 37 жас футболшыны құтқарғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз