«Қайрат» басымдықты пайдалана алмай, «Омонияға» есе жіберді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде кипрлік «Омониядан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Үшінші кезеңге өтетін команда Қазақстандағы қарымта ойында шешіледі.
«Қайрат» пен «Омония» арасындағы алғашқы матч 22 шілдеде кешке Никосия қаласында өтті. Кездесудің 13-минутында алаң иесі Панайотис Андреу есеп ашты. Ал матчтың 34-минутында кипрлік Лоик Него дөрекі ойыны үшін алаңнан қуылды. «Қайрат» сапында ұзақ уақыт бойы бір футболшы артық болғанымен, алматылықтар қарсылас қорғанысын бұза алған жоқ.
Қос команда арасындағы жауапты ойын 29 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Чемпиондар Лигасы іріктеуінің үшінші айналымына өтетін клуб осы матчқа шешіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы «Қайрат» Лиганың іріктеу кезеңдерінің бәрінен сүрінбей өтіп, топтағы бәсекеде «Реал Мадрид», «Интер», «Арсенал» сынды мықты командалармен ойнаған.
Ал биылғы іріктеудің алғашқы айналымында «Қайрат» черногориялық «Сутьесканы» жеңген.