23 шілде кешке Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат басталады
Жарияланды

23 шілдеде кешкі сағат 18:01-де Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат кезеңі басталады. Саяси науқан шамамен бір айға созылады. Саяси бәсекеге жеті партия қатысады.
Бейсенбі күні саяси партия тізімін ұсыну, Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) тіркеу толық аяқталады. Ал кешке бәсекеге түсетін партиялар сайлауалды бағдарламасын жариялауға, БАҚ-та жарнама жасауға және сайлаушылармен кездесулер өткізуге рұқсат алады.
Құрылтайдағы 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.
- «Әділет» партиясы – 186 кандидат;
- «Respublica» партиясы – 75 кандидат;
- Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 72 кандидат;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69 кандидат;
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 63 кандидат;
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 33 кандидат.
Үгіт-насихат кезеңі 21 тамызға дейін жалғасады. 22 тамыз – тыныштық күні. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.