СҚО-да медицина қызметкеріне күш көрсеткен ер адам сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Астана соты
Үкім күшіне енген жоқ/фото shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында медицина қызметкеріне күш қолданған ер адам бас бостандығынан айырылды. 

«Шал ақын ауданы соты қызметтік міндеттерін атқарып жатқан медицина қызметкеріне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

23 маусым сағат 12:00 шамасында Ұзынжар ауылының маңында мас ер адам өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген медицина қызметкеріне қасақана зорлық-зомбылық көрсеткен», – делінген ақпаратта.

Ол жәбірленуші аяқпен теуіп, іш тұсынан бір рет соққы жасаған. Сондай-ақ екі білегінен ұстап, дене жарақатын салған.

Осылайша медицина қызметкеріне кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтірген. 

Сот шешімімен ер адамды бір жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қостанайда медицина қызметкеріне тіл тигізген зейнеткер айыппұл арқалады.

Сондай-ақ оқыңыз