Үш әйелі бар екенін көрсеткен қазақстандықты полиция ұстады (видео)

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әлеуметтік желіде үш әйелі бар екенін көрсетіп, отбасылық қиындық туралы айтқан қазақстандықты полиция ұстады.

Полицияның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желіде үш әйелімен бірге тұратыны туралы ашық түрде айтып жүрген. Ведомство мұндай контент Қазақстан заңнамасына, сондай-ақ қоғамда қалыптасқан моральдық-адамгершілік нормаларына қайшы келетінін мәлімдеді.

Алматы тұрғынына заңға қайшы контент жариялағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Профилактикалық әңгімеден кейін ер адам өз еркімен әлеуметтік желідегі парақшасынан жариялаған барлық материалдарын өшіріп тастаған.

Қазақстанда тоқал алу мәселесі қайта дәстүрге айналғаны құпия емес. Екі әйел алу былай тұрсын, үш немесе төрт әйел алған азаматтар да көп.

Сондай-ақ оқыңыз