Бес автокөлік тігілді: Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойы Қарқаралыда өтеді

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойы 1 тамызда Қарқаралыда өтеді. Батырдың туған жеріндегі дүбірлі тойда палуандар мен шабандоздар бес автокөлікті сарапқа салады.
Ұлы той
Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Дүйсенбі күні қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер 80 жасқа толады.
Қарқаралы өңірі Әубәкіровтің құрметіне үлкен той ұйымдастырып жатыр. Мерейтой 1 тамызда «Қарқаралы GO» этно-лагері аумағында өтеді. Ол ұлттық парк аумағында орналасқан. Бәйгелер Жаңанегіз ауылындағы атшабарда өтеді.
Бес автокөлік тігілді
Ғарышкер құрметіне концерт қойылып, ұлттық спорттың бірнеше түрі бойынша жарыс ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға автокөліктер мен қаржылай сыйлықтар беріледі.
- Қазақ күресі (74 кг дейін). 1-орын – автокөлік; 2-орын – 2 млн теңге, 3-орын – 1 млн теңге.
- Түйе палуан (+74 кг). 1-орын – автокөлік; 2-орын – 2 млн теңге, 3-орын – 1 млн теңге.
- Құнан бәйге (11 км). 1-орын – автокөлік; 2-орын – 2 млн теңге, 3-орын – 1 млн теңге.
- Топ бәйге (18 км). 1-орын – автокөлік; 2-орын – 2 млн теңге, 3-орын – 1 млн теңге.
- Аламан бәйге (30 км). 1-орын – автокөлік; 2-орын – 2 млн теңге, 3-орын – 1 млн теңге.
Бұған қоса садақ ату, қол күрестіру жарыстарының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар ұсынылады. Спорт жарыстары таңғы сағат 9:00-де басталады.
Тарихи миссия
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылғы 2 қазанда «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа аттанды. Ол ғарышта шамамен 8 тәулік болып, Жерге 10 қазанда оралды. Тарихи сапар барысында ғарышкер Арал теңізі мен экологиялық апат аймақтарын зерттеу бағдарламасын орындады.
1995 жылғы 12 қазанда Тоқтар Әубәкіров «Халық Қаһарманы» атанды.