Айтбек Амангелді Байжановтың амнистияға ілінгеніне пікір білдірді

Жарияланды
Қазақ редакциясының шеф-редакторы
фото: Айгерім Таубай

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың рақымшылық аясында босап шығатыны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Ол амнистия мәселесі жәбірленуші тараптың қатысуынсыз өтетінін атап өтіп, оның өтініші қаралған отырыстан хабарсыз болғанын жеткізген. Ол сот шешімі мен оған жол ашқан жаңа конституцияға наразылық білдірген.

Айтбек Амангелді Байжанов амнистиямен босап шыққанымен, «қылмыскер» болып қала беретінін айтқан.

«Амнистия» – «кінәсіз» дегенді білдірмейді. Рақымшылық үкімнің күшін жоймайды, адамды кінәсіз деп танымайды және сот белгілеген кінәні де жоққа шығармайды. Байжанов бәрібір 6 жылға пробациялық бақылаудағы қылмыскер болып қала береді», – деп жазды Айтбек Амангелді инстаграмдағы сторисінде.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол қылмыстық іс бойынша 4 жылға сотталған. Алайда оның жаза мерзімі екі мәрте қысқарған. Алғаш Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық кезінде амнистияға іліксе, енді «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес босап шықпақ.

Байжанов бостандыққа шыққаннан кейін 6 жыл пробациялық бақылауда болады.

Сондай-ақ оқыңыз