Семейде алты жастағы бала абайсызда көршісінің көлігін өртеп жіберді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Семейде тұрғын үй ауласында көлік өртенді. Алты жастағы бала ойнап отырып, көлік маңындағы құрғақ шөпке сіріңке жаққан.

24.kz ақпаратына қарағанда, оқиға 15 шілдеде қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Сағат 18:05-те төтенше қызметтерге үй маңында тұрған көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірген.

Тексеру барысында полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, өртке дейін көліктің жанында үш кішкентай бала жүргенін анықтаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, алты жасар баланың бірі сіріңкемен көліктің жанындағы құрғақ шөпті тұтатқан. Өрт тез тарала бастаған соң балалар қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Енді көлік иесіне келтірілген материалдық шығынды алты жасар баланың ата-анасы өтеуге тиіс.

Айта кететін жайт, Ақтөбедегі газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз