Каспий теңізінде жер сілкінді

Жарияланды
Каспий теңізінде жер сілкінді / фото: Daily AZ

Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:04-те болған.

Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге табиғи құбылыс салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске сала кетейік, осы айда Қуаты 4,5 балл болатын Жамбыл облысы аумағында тағы да жер сілкінді.

Сондай-ақ оқыңыз