Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды

Бүгін, 27 шілдеде, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды.
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының арқалы өңірі – Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Бала кезден-ақ көк жүзіне ұмтылған ол өзінің қажырлы еңбегі мен батылдығының арқасында авиация саласының биік шыңдарын бағындырды.
Ол – Кеңестік 50-ден астам әскери ұшақтың алғаш рет тұсауын кескен әйгілі сынақшы-ұшқыш. 1988 жылы Тоқтар Оңғарбайұлы тарихта тұңғыш рет ауада жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын орындап, өзінің кәсіби шеберлігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұдан бөлек, әскери авиациядағы айрықша жетістіктері үшін есімі Гиннестің рекордтар кітабына және Дүниежүзілік авиация мұражайына енгізілген.
Ғарышқа жол: тарихи сәт
1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтерілді. Бұл сапар арқылы ол Кеңес Одағының 72-ші, әрі ең соңғы ғарышкері болып тарихқа енді. Ең бастысы түркі халықтарының ішінде тұңғыш болып ғарышқа ұшты.
Дүбірлі той Қарқаралыда өтеді
Батырдың 80 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілмек. Туған жері Қарқаралыда 1 тамыз күнi өтетін дүбірлі тойда балуандар күресiп, шабандоздар бәйгеге түседі. Сондай-ақ, мерекелік шарада бес автокөлік бәйгеге тігілмек.