15 тамызға дейін елдегі барлық перинталды орталық тексерістен өтеді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Елімізде барлық перинаталдық орталық тексерістен өтеді
Елімізде барлық перинаталдық орталық тексерістен өтеді / фото: shutterstock

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда ауқымды тексеру жүргізуді тапсырды.

Тиісті тапсырмалар Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған аппараттық кеңес барысында берілді.

Тексерулердің мақсаты – тәуекелдердің алдын алу және оларды жою, сондай-ақ босандыру қызметін көрсететін ұйымдардағы медициналық көмектің сапасын арттыру.

«Инфекциялық бақылау жүйесінің басты міндеті – тәуекелдердің алдын алу. Инфекцияның әрбір жағдайы кәсіби тұрғыдан жан-жақты талданып, науқастардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға негіз болуы тиіс. Ашық әрі объективті көзқарас қана медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарды дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті ресурстармен, заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бактерияға қарсы препараттарды рецептімен босату талаптарының сақталуына бақылауды күшейтеді. Себебі антибиотиктерді ұтымды пайдалану микроорганизмдердің емге төзімділігінің алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Тексеру қорытындылары бойынша әрбір өңірде инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі.

Сондай-ақ оқыңыз