Каспий Құбыр Консорциумы бір апталық үзілістен кейін мұнай тиеуді қайта бастайды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Терминалда мұнай тиеу қайта басталады / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Каспий құбыр консорциумы 27 шілдеде Новороссийск маңындағы Южная Озереевка теңіз терминалында мұнай жөнелтуді қайта жандандырады. Бұл туралы саладағы үш дереккөзге сүйеніп Reuters басылымы хабарлады.

Негізінен қазақстандық мұнайды экспорттайтын консорциум 20 шілдеде терминал маңындағы танкерге пилотсыз ұшу аппараттары (БПЛА) шабуыл жасағаннан кейін шикізат тиеуді уақытша тоқтатқан болатын. Соған байланысты Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болды.

КҚК Қазақстанның бүкіл экспорттық мұнайының 80%-дан астамын тасымалдайды. Оның негізгі бөлігі Каспийдегі Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндіріледі.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың бірінші жартысында КТК теңіз терминалынан жөнелтілген мұнай көлемі 33,4 миллион тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (36,025 миллион тонна) салыстырғанда төмен.

КҚК акционерлері: Ресей (31%), Қазақстан (20,75%), Chevron (15%) және өзге де жеке компаниялар.

Сондай-ақ оқыңыз