Маусым айында халықтың доллар мен еуроға деген сұранысы артты

Маусым айында айырбастау пункттеріндегі таза валюта сатылымы айтарлықтай өзгерді. Доллар мен еуроға сұраныс артып, халық рубльді сатып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында жазылған.
АҚШ долларына деген сұраныс едәуір өсті. Себебі мамырдағы 65,32 миллиард теңгелік көрсеткіш маусым айында 126,52 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 93,7 пайыз артты.
Еуро сатылымы да ұқсас динамика көрсетіп, екі есе артты. Яғни мамырдағы 11,62 миллиард теңгеден маусымда 25,68 млрд теңгеге дейін көтерілді.
Британ фунт стерлингіне деген қызығушылық ең жоғары өсімді көрсетіп, мамырдағы 82,95 млн теңгеден маусымда 308,35 млн теңгеге жетіп, 271,7 пайызға ұлғайды.
Ал Қытай юанінің сатылымы керісінше төмендеп, мамырдағы 86,86 млн теңгеден маусымда 76,91 млн теңгеге азайып, 11,5 пайызға кеміді.
Ресей рублі бойынша көрсеткіштер теріс болып қала берді, бұл халықтың айырбастау пункттеріне валютаны сатып алғаннан гөрі көбірек тапсырғанын білдіреді. Мамыр айында халық 30,02 млрд теңге рубльді сатса, маусымда бұл теріс айырма қысқарып, 17,55 млрд теңгені құрады.
Маусым айында теңге бағамы нығайып, доллар арзандаған болатын.