«Алтын доп» жүлдесіне басты үміткерлер белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Philipp Schmidli/Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жеткеннен кейін, ағымдағы маусымның ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» (Ballon d’Or) жүлдесіне басты фавориттер тізімі жаңартылды. Букмекерлік коэффициенттерге сүйенетін болсақ, беделді марапатты жеңіп алу мүмкіндігі ең жоғары ойыншы Мюнхеннің «Бавариясы» мен Англия құрамасының шабуылшысы Хәрри Кейн. Оның жеңіске жету ықтималдығы 40 пайызға бағаланып отыр.

Әлем біріншілігінде Испания құрамасы топ жарғаннан кейін, «Барселонаның» жас вингері Ламин Ямальдың мүмкіндігі күрт артып, 33 пайызды құрады. Ал фавориттер үштігін «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри (22 пайыз) түйіндеп тұр.

«Алтын доп 2026» жүлдесіне басты 5 үміткер:

  1. Хәрри Кейн («Бавария», Англия) – 40%
  2. Ламин Ямаль («Барселона», Испания) – 33%
  3. Родри («Манчестер Сити», Испания) – 22%
  4. Килиан Мбаппе («Реал Мадрид», Франция) – 17%
  5. Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина) – 9%

Дауыс беру ережесі мен Қазақстанның статусы

Еске сала кетейік, France Football журналы «Алтын доп» сыйлығын 1956 жылдан бері тапсырып келеді. Бастапқыда марапат тек еуропалық футболшыларға берілсе, 1995 жылдан бастап әлемнің кез келген елінің өкілі номинацияға іліге алатын болды.

2022 жылға дейін ФИФА-ға мүше барлық федерация өкілдері дауыс беруге құқылы еді. Алайда реформадан кейін тек ФИФА рейтингіндегі топ-100 елдің өкілдері ғана таңдау жасай алады. Соның салдарынан Қазақстан бұл тарихи дауыс беру құқығынан айырылып қалды, себебі ұлттық құрамамыз рейтингте 111-орында тұр.

Биыл «Алтын доп» сыйлығының 70 жылдық мерейтойына орай салтанатты марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондон қаласында өтеді.

Бұған дейін АҚШ-тың салық қызметі Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Испания құрамасынан жүлде қорының 30 пайызын салық ретінде төлеуді талап етіп жатқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз