Пицца мен бургер жақсы табыс әкеледі: инвесторлар неге фастфудты жақсы көреді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: ЖИ-мен жасалған, автор Нұрсұлтан Ерболатұлы

Күн сайын миллиондаған адам бургер, пицца немесе фри картобын сатып алады. Бұл тез әрі дәмді тамақтанудың жолы сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ әлемдегі миллиондаған инвесторлар үшін фастфуд тамақ қана емес, үлкен пайда әкелетін сенімді бизнес. Freedom Broker сарапшылары ірі мейрамхана желілерінің акциялары ондаған жылдар бойы тартымдылығын жоғалтпай келе жатқанын жазады.

Фастфуд – миллиондаға табыс әкелетін бизнес

Қазіргі кезде жылдам тамақтану индустриясы әлемдік экономиканың ең ірі әрі тұрақты секторларының біріне айналды. Сарапшылардың болжамынша, АҚШ-тың фастфуд нарығы 2025 жылғы 374,8 млрд доллардан 2026 жылы 390,1 млрд долларға дейін өседі.

Мұндағы өсім келушілер санының артуынан емес, негізінен орташа чек бағасының қымбаттауынан болып отыр.

Мұндай ірі цифрлардың артында күнделікті толассыз сұраныс, мыңдаған жаңа мейрамхана мен миллиондаған тұтынушы тұр. Адамдардың талғамы өзгерсе де, фастфудқа деген сұраныс бәсеңдемейді.

Бұл тенденциядан Қазақстан да қалыс қалып жатқан жоқ. Еліміздегі қоғамдық тамақтану нарығы қарқынды өсіп келеді және оның басты драйвері – дәл осы фастфуд.

Мейрамханалардың үштен біріне де жетпейтін үлесіне қарамастан, фастфуд желілері бүкіл сала айналымының 40-45%-ын қамтып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл сегменттің көлемі шамамен 800 млрд теңгеге бағаланды.

Бүгінгі фастфуд бизнесінің тағы бір күшті жағы – цифрландыру. Мобильді қосымшалар, бонустық бағдарламалар, онлайн-тапсырыстар – бұл жай ғана қолайлы қызмет емес, клиентті ұстап тұратын және сату көлемін арттыратын негізгі құралдар.

Тұтынушыдан акционерге дейін

Әрбір фастфуд сатып алған сәтіңізде сіз осы үлкен индустрияның жұмысын қолдайсыз. Сіз жұмсаған қаржы компаниялардың одан әрі дамуына ықпал етеді. Айырмашылық тек мынада:

  • Біреулер жай ғана тұтынушы болып қала береді;
  • Екіншілері осы бизнестің тең иесіне (акционеріне) айналады.

Қазіргі таңда инвестиция бастау үшін үлкен капиталдың қажеті жоқ. Тіпті компанияның толық бір акциясын емес, оның кішкене бөлшегін (үлесін) болса да сатып алуға болады.

Мәселен, Yum! Brands компаниясының бір акциясы 2026 жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша шамамен 148 доллар тұрды, бірақ инвестицияны бұдан да аз сомадан бастауға мүмкіндік бар.

Ойланып көріңіз: Фастфудқа жұмсаған ақшаңызға ұдайы осы компаниялардың акцияларын сатып алып отырсаңыз, уақыт өте келе төленетін дивидендпен бірге сіздің де пассивті кірісіңіз арта берер еді.

Бәлкім, ертең сіз тағы да сүйікті бургеріңізді алуға барарсыз. Бірақ бұл жолы өзіңізді тек тұтынушы ретінде емес, осы үлкен бизнестің әлеуетті инвесторы ретінде сезініп көріңіз.

Ал Қазақстан қалалары арасында Алматыда фастфуд екі жылда 27,4% қымбаттаған.

Сондай-ақ оқыңыз