Алматының орталық көшесінде асқабақ өсіп тұр

Жарияланды 28 Шілде 2026 12:32

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Алматы қаласының көшесінде асқабақ өсіп шықты
Мегаполис көшесінде жайқалған асқабақ / фото: Threads/Almaty Update, ЖИ көмегімен өңделген

Алматы қаласының Абай даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысында, жолдың қақ ортасында асқабақ өсіп шықты. Оның жемістері пісіп жетіліп қалды.

Алатау бөктеріндегі ірі мегаполисте түрлі жеміс ағаштары көп екенін тұрғындардың бәрі біледі. Бірақ алматылықтар орталық көшенің бойына асқабақ жеміс салғанын бірінші рет көріп отыр. Оның суретін алғашқылардың бірі болып қала тіршілігі туралы хабар тарататын Almaty Update байқады.

Әлеуметтік желіге жүктелген суретте асқабақтың екі ірі жеміс салғанын, олардың бірі пісіп жетіліп қалғанын байқауға болады. Асқабақ көше ортасына егілген ағашқа жармаса, жайқалып өсіп тұр.

Қазір желідегі белсенділер көкөніс тұқымының көше ортасына қалай түскені туралы түрлі болжамдар айтып жатыр:

«Дәнекті шатастырып алған ғой»;

«Біреу әдейі тұқым шашып кеткен», – десті желідегілер.

Алайда оның болашағына алаңдайтындар да табылды.

«Жақында әжелердің бірі жұлып әкететін шығар. Әдемі. Күнде көрем»;

«Қай жерде өсіп тұрғанын бекер айттың: енді біреулер жұлып әкететін болды», – деп алаңдады көпшілік.

Басқа да ұсыныспен шығып жатқандар да бар. Мәселен, белсенділердің бірі күзде атап өтілетін Қала күнінде осы асқабақтан дәмді манты пісіруді ұсынды. Тағы бір белсенді Хеллоуин мерекесін еске алды.

Сондай-ақ оқыңыз