Гибрид және электр нұсқада шығады: Toyota жаңа Corolla-ны көрсетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Аға журналист
Toyota Corolla концепті / Фото: Сarscoops.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Toyota компаниясы 13-буындағы Corolla моделі туралы алғашқы мәліметтерді жариялады. Жаңа көлік жаңартылған дизайнға, қайта жасалған интерьерге және бірнеше қуат қондырғысына, соның ішінде толық электрлі нұсқаға ие болады.

Болашақ модельдің алғашқы бейнесі жапониялық NHK телеарнасы компанияның болашақ көліктерін әзірлеуге арналған деректі фильмінде көрсетілді. Автокөлік кадрларда әдейі бұлыңғыр етіп берілгенімен, оның сұлбасы мен дизайн элементтерінің бірқатарын байқауға болады.

Сarscoops.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Тизерге қарағанда, жаңа Corolla 2025 жылдың күзінде таныстырылған концепттің негізгі дизайн ерекшеліктерін сақтап қалады. Седанның шанағы бұрынғыдан да аэродинамикалық пішінге ие болып, бүйір терезелері жіңішкере түседі, ал алдыңғы бөлігі өткір әрі заманауи стильде жасалады.

Сarscoops.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жаңа Corolla-ның басты ерекшеліктерінің бірі – еңіс пішінді әйнек сызығы мен бедерлі бүйір панельдері. Бұл элементтер қазіргі буындағы модельден айтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ көлік толықтай жаңартылған интерьерге ие болады, бірақ оның дизайнын Toyota әзірге жариялаған жоқ.

Компанияның мәліметінше, 2027 жылғы Corolla бірнеше қуат қондырғысымен ұсынылады:

  • классикалық гибрид (HEV);
  • қуат көзіне қосылатын гибрид (PHEV);
  • толық электрлі нұсқа (EV).

Осылайша, жаңа Corolla қозғалтқыш түрін таңдауда брендтегі ең әмбебап модельдердің біріне айналмақ. Сонымен қатар, оның негізінде GR Corolla спорттық нұсқасы да шығарылуы мүмкін.

Фото: Сarscoops.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазіргі Toyota Corolla моделі 2018 жылдан бері шығарылып келеді. Сондықтан жаңа буынның таныстырылуы заңды қадам ретінде бағаланып отыр.

Әзірге компания әлемдік тұсаукесердің нақты күнін жариялаған жоқ. Сондай-ақ жаңа модель қатарында хэтчбек нұсқасының сақталатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, жуырда Toyota 700 ат күшіне ие 7 цилиндрлі Camry көрсеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз