«Самұрық-Қазына» таза пайдасынан «Қазақстан халқына» қорына 62 млрд теңге аударады

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
«Самрук-Казына» предложил распустить депутат из-за убыточного актива
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры 2025 жылы 2 трлн 341 млрд теңге шоғырландырылған пайда алған. Соның 62,2 млрд теңгесін «Қазақстан халқына» қорының шотына аударады. Бұл туралы қор акционерінің шешімінде жазылған.

Әл-ауқат қорының жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі шығарған шешімге сәйкес, компанияның былтырғы қаржы есебі мен таза пайдасын бөлу тәртібі бекітілген. «Самұрық-Қазына» таза пайдасының 7 пайызын Президент бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорына аударуға міндетті.

2025 жылғы пайданың 7 пайызы – 62,2 млрд теңге. Осы қаржы «Қазақстан халқына» қоры есебіне аударылмақ.

«Таза кірістің бөлінбеген бір бөлігі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтер сатып алу үшін Қор мен оның компанияларының иелігінде қалдырылсын», – делінген хабарламада.

«Самұрық-Қазына» қоры қалған 2 трлн 279 млрд теңге таза пайданы өз иелігінде қалдырады.

Бюджет кодексі бойынша ұлттық компаниялар тапқан табысының кемінде 70%-ын, ал «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры кемінде 50%-ын бюджетке аударуы тиіс.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, биыл «Самұрық-Қазынадан» үкімет қаулысымен жұмсалған ақша дивиденд көлемін азайтады.

Самұрық-Қазына» – ҚР Үкіметіне тиесілі мемлекеттік қор. Ол «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», KEGOC және «Қазатомөнеркәсіп» сияқты еліміздің ең ірі стратегиялық компанияларын басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз