Атырау желідегі шамадан тыс жүктеме салдарынан жарықсыз қалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Атырау желідегі шамадан тыс жүктеме салдарынан жарықсыз қалды / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Атырау қаласында электр энергиясы ішінара өшірілді, деп хабарлайды «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

28 шілдеде Маңғыстау облысы бағытындағы электр беру желісі бойынша рұқсат етілген қуат ағынынан асып кету жағдайы орын алды. Осы себепті «KEGOC» АҚ тарапында жүктемені автоматты түрде ажырататын арнайы автоматика іске қосылды.

Электр жарығы келесі елді мекендер мен шағын аудандарда өшірілді:

  • Балықшы;
  • Стройконтора;
  • Сельстрой;
  • СМП-136;
  • Химпоселок;
  • Сауда аймағы;
  • Жилгородок;
  • Сырым Датов;
  • Томарлы;
  • Көктем;
  • Жұлдыз;
  • Ақсай-2;
  • Огородный;
  • Чехов;
  • Уәлиханов;
  • М. Өтемісов (ішінара);
  • Ақ Депо (ішінара);
  • Абай;
  • Орталық (Центральный);
  • Тельман;
  • Азаттық (ішінара);
  • Гурьевский;
  • Шолохов;
  • Полынин;
  • Әбдірахманов;
  • Елшібек;
  • Ет комбинаты (Мясокомбинат);
  • Алмагүл;
  • Бейбарыс (ішінара);
  • Атамбаев;
  • Молдағалиев;
  • Смағұлов;
  • Шәріпов;
  • Мұқанов;
  • Водозаборная;
  • Толқын;
  • Мирный;
  • Маслопром;
  • Гайдар;
  • Әуезов;
  • Құрсай.

Электр қуатын беру әзірге қалпына келтіріліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда 21-24 шілде аралығында қаланың бірқатар ауданында электр қуаты уақытша өшірілетіні хабарланған еді.

Кейіннен жағдайды энергетика министрлігінің өкілі Ернар Хасенов түсіндірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз