Әлем чемпионы атанған Марк Кукурелья бапкердің бейнесін денесіне тату етіп салдырды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: instagram

Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурелья 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Луис де ла Фуэнтенің құрметіне тату салдырды.

Әлем чемпионатындағы финал алдында Кукурелья команда чемпион атанса, бапкерінің бейнесін денесіне қашап жазуға уәде берген болатын. Финалдық ойында Де ла Фуэнте шәкірттері Аргентина құрамасын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, бас жүлдені еншіледі.

Сейсенбі күні испандық футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында сол жақ қолына салынған 65 жастағы маманның портретін көрсетіп, сурет жариялады.

«Уәдемді орындадым», – деп жазды Кукурелья.

Айта кетейік, Луис де ла Фуэнте Испания құрамасын 2022 жылдан бері баптап келеді. Оның басшылығымен «Қызыл фурия» Әлем мен Европа чемпионы атанып, 2022/23 жылғы Ұлттар лигасында топ жарды.

Оқи отырыңыз: АҚШ Испанияның әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін, салық төлеуді талап етіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз