Ресей Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ресей Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады
Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды / фото: әлеуметтік желісінен

Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі хабарлады.

«Дуровқа террористік қызметке жәрдемдесу бабы бойынша айып тағылды», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бұған «Дайвинчик/Leo» танысу боты себеп болған. Аталған бот арқылы Украина арнайы қызметтерінің өкілдері ресейлік азаматтарды диверсиялық әрекеттерге тартқан.

Анығында Украина арнайы қызметінің өкілдері өздерін ресейлік жастарға қыз ретінде таныстырған. Олар өздерінің геолокациясын жіберіп, ресейлік жастармен ірі сауда орталығында немесе әлеуметтік маңызы бар нысанның маңында кездесуге шақырған. Сондай-ақ фишингтік сілтемелер арқылы киноға, концертке билеттер немесе сыйлықтар сатып әперген.

Содан кейін жастармен өздерін ресейлік құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған Киев агенттері байланысқа шыққан.

«Украина арнайы қызметтерінің Telegram арқылы жасаған қылмыстары көптеген адамның, соның ішінде әйелдер мен балалардың өліміне әкеліп, миллиардтаған шығын келтірді. Олардың қызметкерлері қыздардың атын жамылып, Telegram-дағы «Дайвинчик» сервисі арқылы ресейлік жігіттермен танысып, оларды алдап террорлық әрекеттерге тартқан», – деп келтірді басылым ФСБ таққан айыптарды, – деп атап өтті арнайы қызмет.

Өткен жылдың шілде айынан бастап Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері ІІМ және Тергеу комитетімен бірлесіп, 16 өңірде 12 мен 22 жас аралығындағы 46 Ресей азаматын анықтады.

Бұған дейін де Ресейде Павел Дуровқа қарсы қылмыстық іс қозғалған еді. Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, оған терроризмді қолдауға жәрдемдесу бабы бойынша іс тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз