«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
"Қайрат" футбол клубы
фото: «Қайрат» ФК

Сәрсенбі, 29 шілде күні алматылық «Қайрат» өз алаңында кипрлік «Омонияға» қарсы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесуін өткізеді. «Қайрат» – «Омония» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Никосияда (Кипр) өткен алғашқы ойында «Қайрат» 0:1 есебімен жол берген болатын. Кездесудің 13-минутында «Омония» сапынан Панайотис Андреу көзге түсті. Ал 34-минуттан бастап кипрлік клуб алаңда бір ойыншыға кем ойнады: Лоик Него қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

«Қайрат» – «Омония» жұбының жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Левски» (Болгария) – «Университатя Крайова» (Румыния) кездесуінің үздігімен кездеседі. Ал ұтылған ұжым Еуропа лигасына өтіп, онда Чемпиондар лигасының «Мьельбю» (Швеция) – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) арасындағы ойында жеңіліс тапқан командамен бақ сынайды.

Айта кетейік, «Қайрат» Еурокубоктің үшінші кезеніңдегі ойынын Түркістанда өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз