Астана әкімдігі талапкерлерге 300-ден аса грант бөлді

Астана әкімдігі талапкерлерге 303 білім беру грантын бөлді. Грант жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау мақсатында 2026-2030 жылдарға бөлінген.
Мемлекеттік тапсырыс аясында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылдың 5-10 тамызы аралығында өтеді. Астана әкімдігінің білім гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлер сол жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш жазуы қажет.
Гранттар мына ЖОО мен білім беру бағдарламаларына бөлінді:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
- Көлік қызметтері.
А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.
Astana International University:
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау;
- Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау;
- Ақпараттық технологиялар.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Ақпараттық технологиялар;
- Арнайы педагогтерді даярлау (дефектолог; логопед, тифлопедагог, сурдопедагог).
Esil University:
- Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
- Ақпараттық технологиялар.
Айта кетейік, қазақстандық талапкерлер 5 тамызға дейін Қырғызстан және Тәжікстандағы оқу орындарына грант ұтып алуға құжат тапсыра алады.