Мьянма, Камбоджа мен Лаоста құлдықта болған 17 азамат елге қайтарылды
Жарияланды

Жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста құлдықта болған 17 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Kazinform жазды.
«2026 жылдың 20 мамырындағы дерек бойынша Таиландтағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған. Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық қайтарылған», – деп хабарлаған сыртқы істер министрлігі.
Одан бөлек 2022 жылдан бері шетелден түрлі жағдайға тап болған 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.
Айта кетейік, Мьянма жағалауында екі қайықпен сапарға шыққан 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті.