Парсы шығанағындағы соғыс ауқымы кеңейді: Мысырда порт өртенді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
АҚШ пен Израиль соққысынан қираған үй, Тегеран
Қираған үйден сыртқа қарап тұрған иран әйелі. Тегеран, 30 сәуір, 2026 жыл / фото: Majid Asgaripour/WANA via REUTERS

Иранда басталған соғыс Таяу Шығыстағы басқа да елдерге тарап жатыр. Бұл жолы Мысырдағы теңіз портына дрондар құлады. Парсы шығанағындағы соғыс өршіп барады.

Сәрсенбі, 29 шілдеде, АҚШ Иранға тағы да соққы жасады. Осылайша бес айға созылған соғыс одан сайын шиеленісе түсті.

«Соққылар Иранның Таяу Шығыста шоғырланған америкалық жауынгерлерге шабуыл жасау әрекетіне жауап болды», – деп хабарлады АҚШ қолбасшылығы.

Ал оның алдында ғана дрондар АҚШ-тың Мысырдағы газ қоймасын атқылаған. Ол Жерорта теңізінің Думьят портында орналасқан. Мысыр мұнай министрлігі порт өртенгенін растады, бірақ ұшқышсыз ұшақ шабуылы туралы ештеңе айтпады.

Бұл уақытта АҚШ пен Сауд Арабиясының күштері Ирактың шығысындағы топтарды атқылаған. Олар Иранға жақ делінеді. Ал Тегеран Иорданиядағы америкалық күштерге қарсы зымыран ұшырған.

Ирак пен Мысырға жасалған соққылар Таяу Шығыстағы басқа да елдерді осы жанжалға тарту қаупін күшейтті, деп жазды Reuters. Оның үстіне Йемендегі хуситтер өткен аптада Сауд Арабиясына теңіз блокадасын жариялаған.

Парсы шығанағындағы соғыс 2026 жылғы ақпанның аяғында басталды. Қыстың соңғы күні АҚШ пен Израиль Иранды бомбалап, ауқымды әскери жанжал оты тұтанды. Қазірдің өзінде кем дегенде 15 елдің аумағына зымыран, дрон немесе олардың сынықтары түсті.

Сондай-ақ оқыңыз