ФРЖ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды: енді нарық қыркүйекті күтіп отыр

Жарияланды 30 Шілде 2026 09:32

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
ФРЖ базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды / фото: BBC

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) негізгі пайыздық мөлшерлемені 3,50–3,75% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Бұл шешім нарық күткендей болғанымен, орталық банктің алдағы қадамдарына қатысты белгісіздік инвесторлардың назарын өзіне аударды.

Бұл жолғы шешім бірауыздан қабылданған жоқ. ФРЖ-ның үш мүшесі мөлшерлемені көтеруді қолдаған. Соған қарамастан, реттеуші әзірге күтуді жөн көріп, инфляция мен еңбек нарығына қатысты жаңа деректерді бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.

ФРЖ төрағасы Кевин Уорш инфляция әлі де 2%-дық мақсаттан жоғары екенін айтып, қажет болған жағдайда ақша-несие саясаты қайта қатаюы мүмкін екенін жеткізді. Алайда нақты мерзім немесе келесі отырысқа қатысты қандай да бір белгі берген жоқ.

ФРЖ төрағасы Кевин Уорш баспасөз жиынында сөз сөйлеп жатқан сәт / фото: YouTube FedReserve ресми каналы

Шешімнен кейін қаржы нарығында құбылмалылық күшейді. АҚШ-тың 30 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі 2007 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Сарапшылардың пікірінше, инвесторлар инфляцияның ұзақ уақыт жоғары болып қалу қаупін бағамдап жатыр.

Енді нарықтың басты назары қыркүйектегі ФРЖ отырысына ауысты. Егер алдағы айларда инфляция қайта жеделдесе немесе мұнай бағасы өсуді жалғастырса, АҚШ орталық банкі мөлшерлемені тағы көтеруі мүмкін деген болжамдар күшейіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз